USD 511.59
EUR 575.28
RUB 6.33
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Индонезияда автобус шатқалға құлап, ондаған адам қаза тапты

  • 24.желтоқсан.2019, 13:00,
  • 559

Индонезияда автобус шатқалға құлап, соның салдарынан кемінде 24 адам қаза тауып, тағы 13-і жарақат алды.

Ондаған жолаушысы бар автобус дүйсенбіге қараған түні Оңтүстік Суматра провинциясындағы 150 метрлік шатқалға құлады, деп хабарлады сейсенбі күні жергілікті полицияның баспасөз қызметі.


"Автобус шатқалға құламастан бұрын бетон жол тосқауылына кіріп кеткен. Кейбір адамдар әлі де көліктің ішінде", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.


Оқиға орнына зардап шеккендерді іздеу үшін іздестіру-құтқару топтары жіберілді. Апат Пагар Алам қаласының маңындағы шалғай жерде болды, ол өз кезегінде іздестіру-құтқару топтарының жұмысына кедергі келтірді, бірақ соған қарамастан оқиға орнында зардап шеккендердің кейбірі ауруханаға жеткізілді.


Ресми мәлімет бойынша, апат болған кезде автобуста барлығы 27 жолаушы болған, бірақ кейбір аман қалған адамдар полицияға апат болған кезде онда 50 шақты адам болғанын айтты.



скачать dle 12.0
Фото авторы : The Jakarta Post
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031