USD 510.59
EUR 578.91
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Экологтар Сібірдегі от салдары жайлы

  • 01.августа.2019, 11:30,
  • 545

Сібірдегі орман өртін сөндірудің қажеті жоқ. Краснояр өлкесінің губернаторы Александр Усстың бұл мәлімдемесі экологтардың ызасын келтірді.

Оған жауап ретінде қоршаған ортаны қорғаушылар арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Олардың айтуынша, өрт ошағын дер кезінде анықтап, тиісті шара қолданғанда орасан шығын әкелген табиғи апаттың алдын алуға болар еді. Енді өрттің салдары ауыр болатынын айтып, экологтар дабыл қағуда.


"3,5 миллион гектар аумағындағы биотіршілік жойылды. Бұл нені білдіреді? Сол орманды мекендейтін аң-құс қырылып қалды. Жөке ағаштары, балқарағай сынды флора мен фаунаны жоғалттық. Мұндай экологиялық шығынның мөлшері өртті сөндіруге кететін ақшадан асып түседі. Тіпті, отты зәмзәм сумен өшірген күннің өзінде, осыншалық шығынның алдын алуға болар еді", - деді Жалпыресейлік табиғат институтының директоры Андрей Пешков. 

скачать dle 12.0
Фото авторы : narodna-pravda.ua
Тағы да оқыңыздар:
30.07.2019
25.07.2019
11.07.2019
05.07.2019
30.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031