USD 544.87
EUR 639.02
RUB 6.88
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қытайда жойқын құйыннан 6 адам ажал құшты

  • 05.июля.2019, 20:00,
  • 630

Қытайда дауылды құйын соғып, алты адам мерт болды, тағы жүздеген адам жарақат алды. Бұл туралы CNN агенттігі хабарлады.

Қытайдың Кайюань қаласында болған табиғи апаттан алты адам көз жұмып, тағы 120-сы жарақат алған. Құйынның алыптығы сонша, оның диаметрі жүздеген метрге жеткен.

 

Агенттіктің мәліметінше, құйын тұрған аумақтағы үйлердің еш бірінде терезе қалмаған, түгелдей қираған. Құйын үйдің шатырын қиратып, автокөліктерді аспанға иіріп әкеткен.

 

Бұған дейін ауа райын болжаушылар ыстық жаздың қандай салдары болатынын мәлімдеген. Олардың айтуынша, биыл осындай табиғи құбылыстар көп болмақ. 

скачать dle 12.0
Фото авторы : cnn.com Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
05.07.2019
28.06.2019
19.06.2019
11.06.2019
28.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031