USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстандық каскадерлар Disney фильмінде

  • 11.июля.2019, 16:00,
  • 996

Қазақстандық актер және каскадер Жайдарбек Күнғожинов Walt Disney-дің "Мулан" фильмінде өнер көрсетпек. "Бөрілер жасағының" қолбасшысын сомдайтын актер әлемдік компаниядағы тәжірибесі жайлы ойымен бөлісті.

Қазақстандық "Мулан" жобасына каскадер әрі аттарды шеберлік әдістерге дайындайтын маман ретінде шақырылды. 

 

"Фильм продюсерімен Netflix-қа "Марко Поло телехикаясын дайындау барысында танысқан едік. Ол менің "бөрілер жасағының" қолбасшысы, Бори Хан болуға мүмкіндігім барына сенді. Жалпы үш көріністе өнер көрсетемін - әскери кеңесте, шабуыл және актер Донни Йенмен тартыс барысында", - деді Nomad Stunts каскадерлар тобының жетекшісі, шеберлік әдістер қоюшы әрі актер Жайдарбек Күнғожинов. 

 

"Disney-мен бірлесіп жұмыс істеген өте ұнады. Түсірілімдегілердің көбісі қазақтарды бірінші рет көрді, сондай елдің барына таңғалды. Дегенмен экшн-салада көптен бері жұмыс істеп келе жатқан актерлар, режиссерлар біздің жігіттерді таниды. Режиссерлар Жайдарбек Күнғожиннан арнайы көріністерді қалай түсірген дұрыс болар деп ақыл-кеңес алған еді", - деді каскадер Жандос Айбасов.

 

Каскадердің айтуынша, кинодағы аттың үстіндегі шеберліктердің барлығын қандастарымыз орындады.


Қазақ каскадерлар тобы түсірілім алаңында жарты жылдай болды. 



скачать dle 12.0
Фото авторы : Nomad Stunts Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
05.07.2019
21.06.2019
19.06.2019
19.06.2019
11.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930