USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақ тіліндедыбысталатын кезекті Disney мультфильмі

  • 19.июня.2019, 20:00,
  • 646

Бүгін елордада «Ойыншықтар хикаясы -4» мультфильмінің қазақ тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтті.

«Ойыншықтар хикаясы-4» мультфильмі қазақ тіліне аударылған біздің 30-шы туындымыз. Оны дубляждау үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 50-ден астам актер кастингтен өтті. Ал фильм барысындағы саундтректердің барлығын әнші Данияр Өтеген орындады.


Тағы бір айтып өтетін жайт, бұл мультфильмнің 4-ші бөлімі және бұған дейінгі бөлімдері қазақ тіліне аударылған емес. Яғни, ана тілімізде алғаш рет жарық көріп отыр. Сондай-ақ, Голливудтың Том Круз, Киану Ривз, Том Хэнкс секілді танымал кино жұлдыздары алғаш рет қазақ тілінде сөйлейді», - деді «Болашақ» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова.

Оның айтуынша, шетелдік бір туындыны қазақ тіліне аударып оны көрерменге жеткізгенге дейінгі жұмыс процесіне 3 ай уақыт жұмсалады.

«Қазақ тіліндегі мультфильмнің негізгі көрермендері Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласының тұрғындары. Одан кейін Шымкент пен Ақтауда сұраныс жоғары. Осы орайды біз өткен жылы киноматография туралы заң әзірленген кезде Қазақстанның барлық өңірлерінде қолжетімді болуын заңмен реттеу керектігі жөнінде ұсыныс білдірдік», - дейді ол.

Одан бөлек, Д. Шайжүнісова Walt Disney Pictures студиясының дауыс базасына 100-ден астам қазақстандық актердің енгенін тілге тиек етті.

 «Ойыншықтар хикаясы - 4» мультфильмі ертеңнен бастап қалың көрерменге жол тартады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.06.2019
12.06.2019
28.05.2019
29.05.2019
30.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930