USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Шетел БАҚ Қазақстан Республикасының президент сайлауы жайлы

  • 10.июня.2019, 18:00,
  • 1 055

Қазақстан — әлем БАҚ үшін таптырмас ақпарат алаңы. Ұлт чемпионы, ел баласы Денис Теннің қайғылы қазасы өткен жаздың үлкен ауқымды, өзекті мәселесіне айналды. 9 маусым күні өткен кезектен тыс президент сайлауы да жаһан назарынан тыс қалған емес. Азаматтардың тұтқындалуы, сайлау барысы мен нәтижелері жайлы The New York Times, BBC сынды алып медиа өкілдері не демек?


Қазақстанды Қытай мен Ресейдің көрші елі деп таныған Associated Press, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 500-ге жуық митинг қатысушылары ұсталғанын мәлімдеді. Ақпарат агенттігінің фотографы Алматының орталық алаңында кем дегенде 100 азаматтардың жиналғанын хабарлайды.


The New York Times сайтынан алынған 

Аты әлемге шулы The New York Times газеті уақытша президент қызметінде болған Қасым-Жомарт Тоқаевті халыққа таныс жалғыз үміткер деп, ереуілдер хабарын қорытындылады.

BBC News сайтынан алынған


BBC-дің айтуы бойынша, қарсылық акцияларды "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын бастаған Мұхтар Аблязов ұйымдастырды. Адам құқығы сақшысы (Human Rights Watch) демократиялық сайлауға "елес" деп берген бағасын келтірді.


"Келер президент сайлауы әділетсіз өтcе, азаматтардың ұзақ ұйқыдан оянуы әбден мүмкін. Халық оянды да", — деп, Foreign Policy журналы болжаған еді. 

скачать dle 12.0
Фото авторы : Associated Press
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930