USD 439.43
EUR 473.31
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Црвена Звезда" "Қайратты" ұтты

  • 29.июля.2021, 11:17,
  • 129

"Қайрат" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі жауапты матчта сербиялық "Црвена Звезда" клубынан ұтылып қалды. 

Матч Белградтағы "Райко Митич" атындағы стадионда өтіп, 5:0 есебімен аяқталды.

Ойынның небәрі 9-минутында Александр Катай айып алаңның сыртынан алыс бұрышты дәл көздеп, командасын алға шығарды. 21-минутта Луи Дьони де алыстан жерлете соққы жасап, есепті еселеді. Ал 42-минутта Катай тікелей айып добынан гол соғып, дубль авторы атанды. Екінші тайм басталған тұста Камо Оганесян допты қарсыластарына беріп қойды. Қателікті сәтті пайдаланған Мирко Иванчич командасының төртінші голын соқты. 56-минутта Филиппо Фалько матчтың нүктесін қойды.

Қос матчтың қорытындысы бойынша (6:2) "Црвена Звезда" Чемпиондар Лигасының үшінші айналымына өтті. Ал Алматылық клуб енді Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде армениялық "Алашкерт" клубымен кездеседі.



#Црвена #Қайрат #футбол #жеңіс #матч 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.07.2021
29.04.2021
10.03.2021
11.12.2019
12.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031