USD 448.56
EUR 478.03
RUB 4.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Еуропа Лигасы: "Қайрат" жеңіске жетті

  • 12.июля.2019, 15:00,
  • 548

Алматылық "Қайрат" Еуропа лигасында сырт алаңда босниялық "Широки Бриегті" жеңді.

Бірінші іріктеу кезеңіндегі ойын 12 шілдеге қараған түні "Пецара" стадионында өтіп, қонақтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.  "Қайрат" матчтың 29-минутында алға шықты - жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханның пасынан кейін украиналық форвард Адеринсола Эсеола қанжығасын майлады. 


Бірақ "Широки Бриег" ойыншылары есепті жылдам теңестіріп тастады - 34-минутта ресейлік хавбек Иван Ениннің алыстан бағыттаған добы Стас Покатилов қақпасына еніп кетті. 


Ойын тағдыры екінші таймда шешілді. "Қайрат" 58-минутта айып соққысын голға айналдыра алды: Исламхан допты сол қанатқа жеткізді, мұнда жалғыз тұрған қорғаушы Елдос Ахметов айып алаңына пас асырған, Эсеола дубль жасап, матч нүктесін қойды. 


Енді "Қайрат" пен "Широки Бриег" арасындағы қарымта ойын 18 шілдеде Алматыда өтеді. Басталуы - елорда уақытымен 20:30-да. Алаң иелері кем дегенде тең түссе не 0:1 есебімен жеңілсе, келесі кезеңге өтеді. 

Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде "Ордабасы" өз алаңында грузиялық "Торпедоны" 1:0 есебімен жеңген, ал "Тобыл" сырт алаңда люксембургтік "Женесс" командасымен тең тарқасқан болатын - 0:0. Бұл командалардың да қарымта кездесуі 18 шілдеде өтеді. 

скачать dle 12.0
Фото авторы : "Қайрат" ФК
Тағы да оқыңыздар:
03.07.2019
28.06.2019
20.06.2019
11.06.2019
23.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930