"Севильяның" алаңында "Боруссия" 2:3 есебімен жеңген болатын.
Қатар өткен ойында "Ювентус" қарсыласы "Портуды" 3:2 есебімен жеңді, бірақ екі кездесудің қорытындысы бойынша келесі кезеңге португалиялық клуб шықты. Ойынның негізгі уақыты 2:1 есебімен аяқталып, жарысты кім жалғастыратынын анықтау үшін матч қосымша екі таймға созылды.
"Ювентус" сапында негізгі уақытта Федерико Кьеза дубльмен көзге түсті (49-шы және 63-ші минуттарда), қосымша уақытта Адриен Рабьо доп соқты (117-ші). "Порту" жақтан Сержиу Оливейра дубль жасады (19-шы және 115-ші минуттарда). Бірінші допты пенальтиден, екіншісін айып добын орындау арқылы салды. Қонақтар сапынан 54-ші минутта Мехди Тареми алаңнан қуылды.
10 наурыздан 11-іне қараған түні Чемпиондар лигасында ПСЖ - "Барселона" (4:1) және "Ливерпуль" - "РБ Лейпциг" (2:0) кездесуі өтеді.
#футбол #Чемпиондарлигасы #Роналду #Ювентус #Барселона