USD 445.66
EUR 474.58
RUB 4.78
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Чемпиондар лигасының жартылай финалында "Қайрат" испаниялық "Барселонамен" кездеседі

  • 29.сәуір.2021, 12:16,
  • 631

Алматылық "Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында португалиялық "Бенфиканы" жеңді.

Кездесу хорватиялық Задарда өтіп, қазақстандық клубтың пайдасына 6:2 есебімен аяқталды.

16-минутта Гадейя есеп ашты. Бірақ португалиялықтар есепті жылдам теңестірді. 31-минутта Эдсон алматылықтарды алға шығарды.

Осы голдан кейін "Қайраттың" негізгі қақпашысы қызыл қағаз алды. Екінші ескертуінен кейін Игита алаңнан қуылды. Оның орнына 19 жастағы Нарұн Серіков алаңға шыққан. 35-минутта "Бенфика" таразы басын теңестірді.  


Осылайша, матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Сондықтан командалар екі экстра-тайм ойнады. 


Бірінші экстра-таймның соңында Дәурен Тұрсағұлов қарсыласынан сытылып өтіп, "Қайраттың" үшінші голын соқты. 


Екінші бесминуттықта Гадейя дабл-пенальтиден гол салып, дубль жасады. Ақтық ысқырыққа бір минут қалғанда Фернандиньо көзге түсті. Ал соңғы секундтарда Біржан Оразов матч нүктесін қойды.


Енді жартылай финалда "Қайрат" испаниялық "Барселонамен" кездеседі. Испаниялықтар ширек финалда "Добовецті" 2:0 есебімен жеңді.


Айта кетейік, былтырғы маусымда Чемпиондар лигасында "Барселона" топ жарып, үш дүркін жеңімпаз атанған еді. Ал "Қайрат" бұл турнирде екі рет жеңіске жеткен. 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930