USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента
---

Алматыда қоймалардың бірінде өрт болды

  • 02.наурыз.2021, 10:40,
  • 209

Алматыдағы қоймалардың бірінде өрт шықты. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады. 2021 жылдың 28 ақпанында сағат 11:16-да Алматы қаласы Төтенше жағдайлар министрлігіне Алмалы ауданы, Мақатаев және Мұратбаев көшесі қиылысындағы нысанда өрт шыққаны туралы хабар түсті.

Өрт шыққан жерге оңтүстік және солтүстік екі өрт сөндіру учаскесі қызметкерлері жұмылдырылды. Автоцистерналар өрт гидрантына орнатылып, нысаннан төрт оттегі баллоны эвакуацияланды.


"Өрт шыққан жерде қатты түтіндеу және жоғары темпетартура болуына байланысты газ-түтіннен қорғау қызметі жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, тыныс алу және көру мүшесін қорғау құралдарын қолданып жұмыс істеді. 20 минут ішінде өрт оқшауланды. 60-тан аса өрт сөндіруші, 15 техника жұмылдырылды",-деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.



#өрт #тжд #алматы #жалын #қойма

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031