USD 540.06
EUR 628.25
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда автобөлшектер базары отқа оранды

  • 31.қазан.2020, 17:08,
  • 427

Алматыда автобөлшектер базарында өрт шықты.

Оның мәліметінше, оқиға 31 қазанда сағат 14.30 шамасында "Жібек жолы" базарында болған. Өртсөндірушілер бірден шақырудың жоғары дәрежесімен жолға шықты. Олар жеткенде автобөлшектерді сататын сегіз контейнердің жоғарғы қабаттары жанып жатты.


"Металл контейнерлердің жану жүктемесі жоғары болғандықтан, қатты жылу сәулесі пайда болды. Бұл оның тез таралуына ықпал етті. Дереу өрт оқпандары беріліп, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды және су ашық су қоймасынан алынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, өрт 30 минутта оқшауланды", - делінген хабарламада.

Тілсіз жау 15.28-де толығымен жойылды. Өрттің жалпы аумағы 80 шаршы метр. Оқиға болған жерге жеке құрамнан 67 адам және 16 техника, сондай-ақ өзара іс-қимыл қызметтері жұмылды.



#автобөлшектер #базар #өрт #жалын #тж #алматы 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031