USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ойыннан от шықты

  • 10.қараша.2020, 14:21,
  • 406

Арқалықта отпен ойнаған балалар тұрғын үйді өртеп жіберді.

«Арқалық қаласы Байтұрсынов көшесіндегі тұрғын үй өрті туралы ақпарат 9 қараша күні сағат 20:51-де келіп түсті. Көршілер 2-қабаттағы пәтерден түтін шыққанын хабарлады. Сағат 20:55-те оқиға орнына құрамында 2 арнайы өрт сөндіру техникасы, 1 АЛ-30 автосаты және жеке құрамның 11 құтқарушысы бар №4 МӨСБ өрт сөндіру жасағы жетті. 2-қабаттағы пәтерде 60 шаршы метр алаңда үй заттары мен жиһаз жанып жатқаны анықталды. Өрт салдарынан пайда болған түтін кіреберісте тез тарала бастады және жоғары қабаттағы тұрғындардың жолын бөгеді», - дейді ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов. Автосаты көмегімен 5-қабаттың балкондарынан 19 адам, оның ішінде 13 бала құтқарылды. Сонымен қатар, баспалдақтар арқылы 11 адам оқшау аумаққа эвакуацияланды. «Газ-түтіннен қорғау қызметінің 2 буыны 21:26-да өртті ауыздықтады. Тағы 30 минут ішінде өрт сөндірушілер өз жұмыстарын жалғастырып, өртті толығымен жойды. Арқалық ауруханасына 4 адам жатқызылды, олардың бірі – 2014 жылы туған бала. Дәрігерлер зардап шегушілерге улану диагнозын қойды», - дейді У.Досанов Алдын ала болжам бойынша, өрт балалардың отпен ойнауынан болған.




#өрт #ойын #сіріңке #тж #арқалық

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930