Жылдан-жылға күз басталғалы елімізде дизель отыны тапшы болады да, бағасы шарықтап кетеді. Егін жинау науқаны алдында, әдеттегідей Павлодар мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жабылады, тапшылық аса сезіле бастайды. Қазірдің өзінде Алматы, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында дизель жетіспеушілігін аңғаруға болады.