USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Неліктен жылда дизель отыны жетіспей, бағасы қымбаттайды?!

  • 28.қыркүйек.2021, 20:04,
  • 99

Жылдан-жылға күз басталғалы елімізде дизель отыны тапшы болады да, бағасы шарықтап кетеді. Егін жинау науқаны алдында, әдеттегідей Павлодар мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жабылады, тапшылық аса сезіле бастайды. Қазірдің өзінде Алматы, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында дизель жетіспеушілігін аңғаруға болады.

Елімізде баршаға мәлім, 3 мұңай өндеу зауыты бар (Атырау, Шымкент және Павлодар). Олардың мұнай өндеу қуаты Қазақстанды қажетті отынмен қамтамасыз етуге толық қауқары жетеді. Сәйкесінше, елімізде дизель не басқа отын түрінің жетіспеушілік сияқты мәселе туындамауы керек.


Бірақ, әрбір жылы тура көктем мен күз мезгілдерінде ауылшаруашылықта аса пайдалынатын дизель тапшы болып қала береді. Демек, бұл мәселенің себеп пен салдарын іздегенде, біреу қасақана жасап жатыр деген ой туындайды.

Ал сіздер қалай ойлайсыздар?!


Мұнай-газ саласының сарапшысы Ерлан Жаукин дизель отыны айналасындағы мәселеге қатысты пікірін білдірді.


Мәселе зауыттан жанармай жеткізу динамикасына және жекелеген облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы отын қорына байланысты. Қай өңірде қор аз болса, тапшылық та сол жерде болады.


«Қазір Қазақстанда бензин мол, бірақ дизельге қатысты мәселе әлі шешілмеді. Жүйелі шешім жоқ, уақытша „өрт сөндірумен“ ғана айналысып жатыр. Павлодардағы мұнай өңдейтін зауытты жөндеу жұмысы қазан айының басына шегерілуі мүмкін. Зауыт пен „Қазмұнайгаз“ жөндеу мерзімін 2022 жылға ауыстыру мүмкіндігін қарастырып көреді. Бірақ бұл шара да мәселені 100 % шеше алмайды», — дейді сарапшы.


Айта кетейік, елдегі мұнай өңдейтін зауыттар дизель бағасын көтергеннен кейін көптеген жанармай құю желісі отынның бұл түрін сатып алудан бас тартты. Монополияға қарсы агенттік олардың «пистолеттегі» дизель бағасын көтеруіне рұқсат бермей отыр, ал пайдасы жоқ сауданы ешкім жасағысы келмейді.


Қорытындылай келгенде, дәстүрге айналған дизель отынның тапшылығы мен бағаның шарықтауы, ауылшаруашылығының дамуына теріс әсерін тигізетіні сөзсіз. Бұл мәселе түбегейлі, тез арада шешілгені жөн.


Шаруалар дер кезінде, қажетті отынмын қамтамасыз етулері керек. Осы салаға жауапты білдей бір – Энергетика мен Ауылшаруашылық министрліктері шеше алмаса, ендеше жұмыстары көк тиын.

 

 


#дизельотыны #дизельтапшы #дизельбағасықымбаттады

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
01.10.2021
03.09.2021
06.08.2021
24.06.2021
04.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930