USD 528.52
EUR 539.14
RUB 5.17
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елбасы ТүркПА отырысында сөз сөйледі

  • 28.қыркүйек.2021, 14:11,
  • 136

Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Түркістан қаласында өтіп жатқан Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) мерейтойлық X пленарлық отырысының қатысушыларына құттықтау хат жолдады.

Құттықтау хатты жиналғандар алдында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин оқып берді.


Өз құттықтауында Елбасы бүгінгі мерейтойлық басқосу қазақ халқының киелі бесігі мен бойтұмары, түркі әлемінің рухани астанасы, бабаларымыздан қалған көне шаһар - қасиетті Түркістанда өтіп отырғанына қуанышты екенін айтты.


- "Біз жаңа тәуелсіз мемлекеттер өз тарихының бастапқы күндерінен-ақ түбірі ортақ тіл, мәдениет пен салт-дәстүрге негізделетін, сондай-ақ барлық бауырлас елдерге дәнекер болатын ерекше байланыстың бар екенін анық түсіндік. Дегенмен, алдымызда жаңа маңызды мақсат-мұраттар тұр. Олардың барлығына да қол жеткізетінімізге сенімдімін. Бұл ретте, түркілердің кең байтақ даласында өзара ықпалдастықты дамыту үшін әрдайым ерік-жігер мен батылдық танытып отыруымыз қажет. Түркітілдес мемлекеттердің парламентшілері осы бір күрделі іске өзінің елеулі үлесін қосатынына кәміл сенемін. Жалпы түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының мерейтойлық пленарлық отырысы халықтарымыздың өзара достығы мен әрекеттестігін одан әрі нығайтуға қосымша серпін береді деп ойлаймын", - делінген құттықтау хатта.


Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің құрметті төрағасы ретінде қолдау көрсетіп, қолғабыс жасауға әрқашан әзір екенін атап өтті.


Соңында Елбасы жиынға қатысушылардың бәріне сәттілік пен бар жақсылықты тіледі.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.09.2021
28.09.2021
27.09.2021
16.09.2021
07.06.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қантар 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031