USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Балаева журналисттердің жұмысы жайында сөз айтты

  • 28.қыркүйек.2021, 18:49,
  • 190

ASTANA MEDIA WEEK алаңында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналистердің баспасөз мәслихаттары мен мемлекеттік органдар ғимараттарына өздерінің неге кіргізілмейтіндігі туралы сынына жауап берді.

"Жаһандық пандемия экономиканың барлық салаларына ғана емес, сонымен қатар біздің күнделікті өмірімізге де әсер еткен бетбұрыстармен бетпе-бет келуімізге әкеліп соқты. Ақпараттық технологиялардың бизнесте және білім беруде қолдану жылдамдығы мен ауқымы айтарлықтай өсті. Әрқайсымыз күнделікті үйреншікті әдеттеріміз бен ұстанымдарымызды өзгерткен жаңа бейтаныс шындыққа тап болдық. Мүмкін, бұл жаңа шынайы өмірдің артықшылығы да шығар, яғни күнделікті оқиғаларға онлайн қатысу мүмкіндігін айтамын", - деді АҚДМ басшысы.


Оның айтуынша, осындай жағдайда да бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі артып келеді.


"Министрлік журналистер жұмысындағы кез келген кедергілерді жоюды және олардың кәсіби қызметіне қолдау көрсетуді басты міндет деп санайды ... Біз баспасөз конференцияларына және мемлекеттік органдар ғимараттарына журналистерді кіргізу-кіргізбеуге қатысты министрлікке және менің өзіме жекелей айтылып жататын сынды естіп-біліп отырмыз. Біз бұл мәселелерге бей-жай қарап отыра алмаймыз және журналистерге таныс офлайн-форматқа оралуға бар күшімізді саламыз деп сендіргім келеді", - деді Балаева.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.09.2021
20.09.2021
10.09.2021
19.08.2021
25.02.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930