Коронавирус пандемиясы, онымен байланысты экономикалық және әлеуметтік катаклизмдер әлемді адам танымастай өзгертті. Халықаралық деңгейде мемлекетаралық қатынастардың барлық жүйесінің беріктігі сынға түсуде, негізгі тәуекел факторы - сенімді жоғалту. Еуразиялық медиа форумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева шараның ашылу салтанатында осылай деді.