USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мәжіліс депутаты Ресейдегі сайлауға бақылау жүргізеді

  • 16.қыркүйек.2021, 17:32,
  • 150

Мәжіліс депутаттары үстіміздегі жылдың 17-19 қыркүйегі аралығында өтетін Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының VIII шақырылымы депутаттарының сайлауына байқаушы ретінде қатысады.

Делегацияны Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы желісі бойынша халықаралық бақылаушылар тобының үйлестірушісі Арман Қожахметов басқарады. Қазақстандық делегацияның құрамында ТМД ПАА тарапынан Берік Бекжанов, Мемлекеттік Думаның шақыртуы бойынша Мәди Ахметов және Вера Ким тәуелсіз байқаушы ретінде қатысады.


Мәжіліс депутаттарының Мәскеу мен Мәскеу облысындағы сайлау учаскелеріне барып, дауыс беру барысын бақылауы жоспарланған. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары Мемлекеттік Думадағы және Орталық сайлау комиссиясындағы саяси партия фракцияларының жетекшілерімен кездесулер өткізуді көздеп отыр.


Қазақстандық Парламент өкілдері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобының қорытынды кеңесіне және Қорытынды құжаттарды дайындау үшін ТМД байқаушылар миссияларын үйлестірушілер кеңесіне қатысулары жоспарлануда.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
07.09.2021
06.09.2021
16.06.2021
10.01.2021
22.10.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031