XIII-XVI ғасырларға жататын тарихи жазба дереккөздерде Қазақстан мен Орталық Азияға қатысты маңызды да құнды мəліметтер көп. Парсы жазба деректерінің танымдық, мағлұматтық мəні жоғары болғандықтан парсы тілді жазба ескерткіштері отан тарихы үшін бағалы дерек көздері болып табылады. Сондай дереккөздердің бірі де бірегейі Мырза Хайдар Дулатидың «Тарих-иРашиди» (رشيدی تاريخ) шығармасы. Шығарма екі тараудан тұрады. Екіншісі біріншісінен бұрын жазылған, яғни 1541-1542 жылдары, ал біріншісі 1546 жылы 3 наурызда. Шығарманы автор Кашмирде жүріп жазады [1]. Бұл шығарма ортағасырлардың өзінде-ақ түрік тіліне бірнеше рет аударылып үлгерген.