USD 445.66
EUR 474.58
RUB 4.78
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ауғанстандағы 35 қандас Қазақстанға сәтті оралды

  • 08.қыркүйек.2021, 20:18,
  • 115

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бүгін Ауғанстаннан 35 қандастың тарихи отанына қайтару шарасы сәтті өтті.

ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағы Кабулдан Алматы қаласының әуежайына 41 жолаушымен ұшып келді, олардың ішінде Қазақстанның төрт азаматы, Қырғызстанның бір азаматы және Қазақстанда тұрақты тұратын бір ауған бар. Келген жолаушылар карантиннен өту үшін уақытша оқшауланады, делінген ҚР СІМ хабарламасында.


Эвакуациялық рейсті ұйымдастыру "Талибан" қозғалысымен үйлестіріліп жүзеге асырылғаны баса айтылады.


Қазақстанның Кабулдағы елшілігі қалыпты режимде жұмыс істейді және Ауғанстанда тұратын қандастармен тұрақты байланыста. Өтініш берушілердің этникалық сәйкестігін растау және қандастарды қайтару жұмыстары жалғасуда, делінген ресми хабарламада.


Бұған дейін хабарланғандай, 18 тамызда Қазақстан Ауғанстаннан өзінің 25 азаматын және Қырғызстан, Ресей мен Литваның 16 азаматын эвакуациялады. Бұдан басқа, Алматыға Кабулдан Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Миссиясы (UNAMA) және басқа да халықаралық ұйымдардың кеңселері уақытша көшірілді.



#Ауғанстан #қандас #эвакуация #Кабул #Қазақстан 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
07.09.2021
18.08.2021
09.07.2021
30.10.2020
28.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930