USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елордада балалар үйінен 25,9 млн теңге жымқырылды

  • 08.қыркүйек.2021, 12:56,
  • 192

"Qamqor" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Агенттік елордалық балалар үйлерінің бірінде жетім балаларға азық-түлік сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

Тергеу осы мекеменің директоры мен бас бухгалтері сатып алу ережелерімен қарастырылған процедураларды өткізбей, басқаруындағы үлестес кәсіпорынмен азық-түлік жеткізуге шарттар жасағандығын анықтады. Бұл ретте, компанияның нақты иесі бас бухгалтердің бұрынғы жұбайы болып табылады.

2019-2020 жылдар кезеңінде жасалған шарттар бойынша лауазымды тұлғалар аталған компания арқылы бөлінген 130 млн теңге бюджет қаражатынан жетім балаларға азық-түлік сатып алуға бөлінген
25,9 миллион теңгені жымқырған.

Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.



#балаларүйі #жымқыру #қылмыс #Qamqor #тергеу #жаза 

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
Тағы да оқыңыздар:
26.07.2021
21.07.2021
19.05.2021
02.04.2021
13.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031