USD 536.32
EUR 626.9
RUB 6.6
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Павлодарлық нәресте жан сақтау бөлімінде бір ай бойы аппаратта жатыр

  • 08.қыркүйек.2021, 16:30,
  • 173

Павлодарлық бір жасқа толмаған сәбидің жан сақтау бөлімінде жатқанына бір ай болды. Жағдайы өте ауыр деп бағаланады.

Павлодар-онлайнның мәліметінше, 10 күн бұрын дәрігерлер нәрестенің өкпесі 36%-ға зақымданғанын анықтаған. Оған сирек кездесетін асқыну диагнозы қойылды, яғни коронавирус инфекциясы тосыннан тудыратын пневмомедиастинум.

Қазан айында бір жасқа толатын бала өмірінің 28 күнін жан сақтау бөлімінде өткізген. Алайда, дәрігерлер үміт күтетін қандай да бір болжам жасауға асығар емес.


Жағдайы өте ауыр әрі тұрақсыз. Кейде жақсарып отырады, бірақ содан кейін қайтадан нашарлайды. Балада қайталанатын пневмотораксы бар. Республикалық мамандармен апта сайын, ал облыстық деңгейде күн сайын консультациялар өткізіледі. Бала толық ем алып жатыр, бірақ, әзірге қандай да бір болжам айту қиын, - дейді облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы директорының орынбасары Зере Садақова сәбидің жағдайына түсініктеме бере отырып.


Қазіргі уақытта Павлодар облысында 170 бала мен жасөспірімде коронавирус расталды, соның 44-і ауруханаларда ем алуда.



#нәресте #өкпеқабынуы #пневмомедиастинум #жансақтау 

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
Тағы да оқыңыздар:
27.07.2021
18.06.2021
05.10.2020
22.08.2020
07.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031