Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстандағы этникалық қазақтардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етіп, олардың мейілінше тарихи отанына оралуына ат салысуды тапсырды. Бұл туралы арнайы брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.