USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Коммуналдық қызметтінің қымбаттау себебі

  • 18.августа.2021, 14:10,
  • 210

ҚР Ұлттық экономика министрлігі коммуналдық қызметтердің қымбаттауына не әсер ететінін түсіндірді.

Құзырлы ведомства атап өткендей, коммуналдық қызметтер тарифінің соңғы бағамына көмір, газ, мазут, электр энергиясы сияқты стратегиялық тауарлардың бағасы айтарлықтай әсер етеді.


Мысалы, электр энергиясымен және жылумен жабдықтау қызметтер тарифінің 50% -ға дейінгі көлемін жанар-жағармай бағасы құрайды. Соңғы бағаланған құн бойынша газбен жабдықтау тарифінің 80% газдың көтерме бағасы қамтиды.


"Тарифтердің өсуіне әсер етуші тауарлық газдың көтерме бағасының 10%-ға дейін көтерілуі, энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясы тарифің орташа есеппен 15%-ға өсіруі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланғандарға үстемақы енгізу сияқты реттелетін факторлар болып табылады. Осылайша, жаңартылатын энергия көздерінің үстеме ақысын ескере отырып, энергия өндіруші ұйымдардың тарифтерінің көтерілуі орта есеппен 7,2%-ға өсті", - деді Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Жапсарбай.


Коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне әсер ететін реттелмейтін факторлардың қатарына иесіз желілерді табиғи монополия субъектілеріне беру, олардың сенімге басқаруға берілуін ескере отырып, желілерді ұстауға жұмсалатын шығындар, көмір құнының өсуі жатады (2021 жылдан бастап баға 9%-ға өсті).


Бұған дейін хабарланғандай, қыркүйек айынан бастап кейбір өңірлерде электр энергиясының тарифі орта есеппен 3,5%-ға өседі.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.08.2021
04.08.2021
17.02.2021
30.06.2020
13.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930