USD 509.94
EUR 593.88
RUB 6.43
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ЕО тәлібтерді мойындамай отыр

  • 18.августа.2021, 12:35,
  • 288

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Хосеп Боррелл "тәлібтермен келіссөздер жүргізуге тура келеді", өйткені олар "соғыста жеңіске жетті", деген мәлімдеме жасады.

Бірақ Боррелл бұл Брюссельдің тәлібтерді Ауғанстан билігі ретінде ресми түрде мойындайтынын білдірмейді деп атап өтті. Оның сөзінше, Талибанға қатысты жағдайдың біржақты шешілуін күту керек.


Сонымен қатар, БҰҰ да тәлібтердің беріп жатқан уәделеріне сене бермейтінін білдірді.


"Тәлібтердің өз уәделерін орындауына қатысты жағдайға сол жерге барып, іс жүзінде көз жеткізу керек", - деді БҰҰ-ның ресми өкілі Стефан Дужаррик.


Әзірге белгілісі, Австрия босқындарды қабылдаудан бас тартты. Олар онсыз да осыған дейін Ауғанстаннан 35 мың босқынды қабылдаған. Ұлыбритания алдағы жылдардың ішінде 20 мыңдай босқын қабылдайтынын мәлім етті.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.08.2021
04.06.2021
26.09.2020
18.11.2019
28.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қантар 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031