Ежелгі Ұлы Жібек жолының сілемінде қоныс тепкен көне де жаңа Жаркент қаласы - қазір Панфилов ауданының орталығы. Оның батысында он үш шақырымдай жерде Көктал деген кент бар. Осы аумаққа қосылғанға дейін біраз уақыт бойы бұл ауыл да «Октябрь» деп аталатын ауданға орталық болған. Осынау екі елді мекеннің арасын жалғап жатқан асфальт жолдың қос қапталы тұнған тоғай: тал-терек, қарағаш, емен, үкісін жел тараған қалың қамыс...