USD 521.9
EUR 593.5
RUB 6.39
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Өркен Бисақаев Бозжыра шатқалындағы құрылыс туралы айтты

  • 12.қараша.2020, 17:04,
  • 442

Мәдениет және спорт вице-министр бірде-бір тұжырымдама бекітілмегенін айтты.

"Бүгінде Rixos қонақүйінен басқа танымал бағыттардың бірі Бозжыра шатқалы. Біздің есептеуімізше, келушілер саны өткен жылмен салыстырғанда кем дегенде 10 есеге өскен. Онда кемінде 2000 адам барған. Келесі жылға болжам: Бозжыра аймағына кемінде 10 000 адам келуі керек", - деді Өркен Бисақаев жұмыс сапары аясында.

Бұған дейін БАҚ өкілдері жергілікті билік "Бозжыра сафари-қонақүйі" жобасын іске асыруы мүмкін екенін жазған болатын. Алайда экологтар бұған қарсы шығып, құрылыс жұмыстары табиғатқа орны толмас зиян келтіруі мүмкін деген пікір айтқан.

Вице-министр Бозжыра шатқалында инфрақұрылымды ретке келтіру мен ондағы туристердің тыныс-тіршілігі мен қауіпсіздігі мәселелерін шешу бойынша шаралар кешенін қамтамасыз ету талап етілетінін атап өтті.

"Бозжыра жеріндегі құрылыс мәселесі қоғамдық талқыдан, экологиялық сараптамадан, оның ішінде қоршаған ортаға әсерін бағалау жұмыстарынан өтуі тиіс. Қазіргі таңда қонақүй құрылысы жоспарланбаған, бірде-бір тұжырымдама бекітілген жоқ", - деп түйіндеді Өркен Бисақаев.

Өркен Бисақаев жағдайды түсіндіріп, экономикалық қажеттіліктер мен экологиялық процестерді сақтау арасындағы теңгерім маңызды екенін атап өтті:

"Бозжыра аумағын қарап шыққанда, онда қозғалыс мүлдем еркін екенін, яғни адамдар мен автокөлік еркін жүре алатынын және жер бедері қандай да бір арнайы дайындықты талап етпейтінін көрдік. Біздің ойымызша, жергілікті ауданға адамдар көп келе бастағанда аймаққа қауіп төнеді. Таудың өзі емес, топырақтың ерекшелігіне байланысты әсіресе іргелес тұрған бөлігі осал болуы мүмкін. Сондықтан келушілердің ағынын реттеп, басқару үшін туристерді Бозжыра тауына жақын жерде қабылдайтын туристік объектілер мен автокөліктердің қозғалысы үшін жолдар қажет".

Бозжыра "Жабай ұшқан" жергілікті маңызы бар қорықшасының аумағында орналасқан. "Жабай ұшқан" Маңғыстау облысы әкімінің 2012 жылғы қаулысына сәйкес құрылған және облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасының "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне жатады.


#бозжыра #вице-министр #жабайұшқан #тұжырымдама #маңғыстау

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930