USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Карантинде көкпар берген кәсіпкер айыппұл төлейді

  • 12.қараша.2020, 01:46,
  • 398

Көкпар Түркістан облысында бірінші рет ұйымдастырылмағаны анықталды.

Басылым мәліметінше, кезекті рейд барысында Кентау қаласының полицейлері мобильдік топпен бірге Қарнақ ауылына қарасты жайылымда көкпар ойыны өтіп жатқанын, оған 200-ге жуық адам жиналғанын анықтады. Полиция қызметкерлері бірден көкпарға жиналған қауымды таратқан. Мобильдік топ белгіленген талапты сақтамаған және көкпарға қатысқан тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Одан бөлек, адамдардың шоғырлануына жол берген көкпар тойының иесі мен ұйымдастырушысына ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы ("Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған ақпараттар шешім қабылдау үшін тиісті органға жолданып, айыппұл салынды.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында кәсіпкер карантинде көкпар бергені хабарланған болатын. Түркістан облысы көкпар федерациясының төрағасы Ғани Ахметбаевтың айтуынша, көкпарды ұйымдастырған федерация емес, жекелеген адамдар екен. 


"Білуімше, сол жақтағы кәсіпкер әкесін еске алып, ас берген. Астан кейін көкпар ұйымдастырған. Федерацияның қатысы жоқ, жеке адамдар жасап отыр. Шағын көкпар өткіземіз деген, бірақ көп адам қатысып кеткен. Расын айтқанда, мұны ұйымдастырған адамдар көкпарды ұятқа қалдырып отыр", - деген еді өңірлік көкпар федерациясының басшысы.


#көкпар #карантин #бұзушылық #айыппұл #түркістан #жарыс 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930