Әр істің мақсаты болады. Мақсатсыз іс-әрекет болмайды. Ендеше барлық іс-әрекеттің жиынтығы, адам өмірінің де мақсаты болуға тиісті. Бұл ақиқат. Өкінішке қарай, кейбіреулер бұл ақиқатты білмейді. Өмірін мақсатсыз, босқа өткізеді. Мақсат – Темірқазық жұлдызындай тұрақты нысана. Нысананы біліп, оған ұмтылған адам өмірі өкінішті болмайды. Сондықтан, кім болса да өмірдің негізгі мақсатын жақсы білуі керек.