USD 538.12
EUR 627.02
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жерасты өткеліне кіріп кетті

  • 24.қыркүйек.2020, 19:05,
  • 402

Алматыда жүргізуші көлігінің неліктен адамдар жүретін жерде тұрғанын түсіндірді.

Жол-көлік оқиғасы 24 қыркүйек күні таңертең Райымбек пен Момышұлы даңғылдарының қиылысында болды.

Әлеуметтік желілерде қолданушылар оқиғаның себептерін белсенді түрде талқылауда.

"Навигатор айтқа шығар...", "Қысылып қалуы мүмкін", "Кептелістен қашқысы келген бе?", - деп жазды желі қолданушылары.

Инспекторлармен әңгімеде жүргізуші қалалық агрегаторлардың бірінде такси жүргізушісі болып жұмыс істейтінін және көшелердің қиылысында клиент күтіп тұрғанын айтты. Көліктен шыққаннан кейін ол беріліс иінтірегін тұрақ режиміне қоюды ұмытып кетіп, көліктің өзі қалай қозғалғанын байқамаған.

"Жол-көлік оқиғасы фактісі тіркелді, тергеуді қаланың Әуезов ауданы полиция бөлімінің әкімшілік практика бөлімінің қызметкерлері жүргізуде. Әкімшілік іс басталды. Зардап шеккендер жоқ. Тек жерасты өткелінің өзі зақымданған", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жүргізушіні қандай жаза күтіп тұрғаны әлі белгісіз. Ол жаяу жүргіншілер өткеліне келтірілген шығынды өз қаражаты есебінен өтеуі керек екені анық.



#көлік #апат #жол #жерасты #оқиға #алматы 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.09.2020
07.09.2020
19.08.2020
21.07.2020
04.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031