USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Цой жауап берсін"!

  • 24.қыркүйек.2020, 17:18,
  • 283

Депутаттар денсаулық сақтау министріне шүйлікті.

"Бес айдан астам уақыт бойы министрліктен министрлікке жауапкершілік аударылып, неліктен мәселе әлі шешілмеген? Жайбасарлықтың салдарынан Президентінің тапсырмасы орындалмайын деп тұр. Жоғарыда аталған проблемалар Денсаулық сақтау және Еңбек министрліктерінің өзара іс-қимыл алгоритмдерін уақтылы пысықтамауынан туындады деп санаймыз", - деді мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова.

Еске салайық, 30-наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 жұқтырған дәрігерлерге 2 миллион теңге, ал қайтыс болған жағдайда отбасына 10 миллион теңге өтемақы төлеуді тапсырған еді. Депутат Зәуреш Аманжолова да осы мәселені көтерді. Сөзінше, бүгінгіде Қазақстанда 12 830 медицина қызметкері індетке шалдыққан. Ал мемлекеттен төлем алуға небәрі 2 мың  475 өтініш түскен: бұл ауырғандардың жалпы санының 19 пайызы ғана екен. Біржолғы әлеуметтік төлем болса тек 1 830 адамға немесе вирус жұқтырғандардың 14,3 пайызына төленген. Коронавирустан көз жұмған дәрігерлердің отбасына өтемақы төлеу қарқыны тіпті төмен көрінеді. Бүгінге дейін коронавирустан 197 медицина қызметкері көз жұмса, министрліктен төлемге тек 38 өтініш түскен. Ал өтемақыны алғандар саны бар-жоғы 25 немесе марқұм болғандардың жалпы санының 13 пайызына да жетпейді.

"Денсаулық сақтау министрінің өзі келіп есеп берсін. Президенттің төлемақыға қатысты тапсырмасы жарты жыл бұрын берілді. Дәрігерлер өмірін қатерге тігіп, алғы шепте еңбек етті. Талайы вирус жұқтырды, көбі көз жұмды. Сондықтан министрдің өзі жауап беруге міндетті", - деді мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.



#цой #денсаулықсақтау #министр #депутат #халыққалаулылары 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
16.09.2020
20.08.2020
03.08.2020
10.04.2020
09.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930