"Қор эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлері мен мамандарға үстемақы төлеуді жүргізеді. Наурыз-тамызда 73,7 миллиард теңге үстемақы төленді. Тамыздың қорытындысы бойынша қор COVID-19, вирустық пневмониямен күреске тартылған 66 мың медицина қызметкеріне шамамен 17 миллиард теңге көлемінде үстемақы төлейді", - деді ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
- Наурыз - 19 340 медицина қызметкері, 3,4 миллиард теңге;
- Сәуір - 42 926 медицина қызметкері, 7,6 миллиард теңге;
- Мамыр – 40 416 медицина қызметкері, 8,7 миллиард теңге;
- Маусым-53 160 медицина қызметкері, 12,3 миллиард теңге;
- Шілде – 78 963 медицина қызметкері, 24,9 миллиард теңге.
Айта кетейік, осыған дейін басшы Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны басталса, дәрігерлерге 91,9 миллиард теңге үстемақы қарастырылғанын айтқан еді.
#төкежанов #дәрігер #үстемақы #медицина