«Сергек» бейнебақылау камерасы орнатылғалы бері көлік иелері шығынға батты. Ғаламторда біреулер бейнебақылау камералары шектен тыс жиі қойылған деп шағымданса, өзгесі «Сергектің» арқасында тәртіп орнады деп топшалайды. Бүгін біз осы мәселе төңірегінде темір тұлпар тізгіндеушілердің пікірін тыңдап, жауапты мекемелерден жауап алуға тырысқан едік.