- Біз сабақ оқыту форматы бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын егжей-тегжейлі нұсқаулық дайындадық. Яғни, қашықтықтан оқыту жағдайында оқу процесінің принциптері мен технологиялары өзгереді. Осыған байланысты біз бағалау нормаларын, оқыту әдістері мен кері байланысты орнату бойынша жұмыс істеп жатырмыз, - деді Аймағамбетов.
Оның айтуынша, шілде айынан бастап облыстық білім басқармаларымен, аудандық, қалалық білім басқармаларымен күнделікті вебинарлар өткізіліп келеді. Жеке кесте бойынша 7 мың директорға, 12 мың мектеп директорының орынбасарларына және 2 мың әдістемелік кабинеттердің басшыларына арналған онлайн жиналыстар өткізілді.
- Еліміздегі барлық мұғалімдер үшін қашықтықтан оқыту бойынша оқыту курстары ашылды, - деді министр.
Ол оқушылардың ата-аналары мен оқушылардың өздері үшін әдістемелік қолдау көрсету маңызды екенін түсіндірді.
- 4-ші тоқсанның соңында біз бұған көзіміз жетті, сондықтан балалар үшін бірыңғай сынып сағаттарын өткізу жоспарлануда: үйде қалай оқу керек, кибермәдениет, гигиена негіздері, Интернет арқылы қалай үйренуге болады, тыныс алу жаттығулары мен физикалық жаттығулардың маңызы дегендей. Білім күнін 1 қыркүйекте онлайн режимінде өткізу жоспарланған, - деді Аймағамбетов.
#аймағамбетов #министр #оқушылар #кибермәдениет #тынысалу