USD 498.51
EUR 522.84
RUB 4.81
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде электронды сауда саласы өркендеп келеді

  • 22.августа.2020, 12:00,
  • 770

Қазіргі кезде уақыт пен қаржыны үнемдеп, тиімді пайдалана білу барша адамзат баласының басты мәселесіне айналып отыр. 

Биыл әлемді жаулаған індеттің кесірінен болған оқшаулану сәттерінде цифрлы қызмет көрсету, электронды байланыс, онлайын жұмыс істеу, интернет сауданың тиімділігі бұрынғыдан айқын аңғарылды. Бүкіл әлем бойынша қашықтан қарым-қатынас жасаудың, жұмыс істеудің түрлі жолдарына көше бастады. Алдыңғы қатарлы дамыған елдердегі дүние жүзіне мәшһүр болған алпауыт компаниялардың өздері де пандемия салдарынан дәстүрлі жұмыстарынан жаңылып, қашықтан жұмыс істеудің тиімді жолдарын іздестіріп, сол бағытта жұмыс істеуге көшті. Біздің елімізде де үкімет жұмысынан бастап көптеген салалар карантин жағдайында қашықтан немесе онлайн қызмет жасау тәсіліне ауысты. ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен бүгінгі өткен үкімет отырысында да электронды сауданы дамытудың жай-күйі талқыланды. Үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында елімізде электронды сауданың бөлшек тауар айналымындағы мөлшері бір жарым еседей артқан. 

Үкімет басшысы Асқар Мамин электронды сауданың келешегі зор екеніне және жүк тасымалдауға, логистикаға, цифрлық қызмет көрсетуге, еңбек нарығына, қолма-қол ақшасыз айналымға оң әсерін тигізетініне тоқталды. Сонымен қатар, ол 2025 жылға дейін еліміздегі электронды сауда секторындағы аралас салаларды қамти отырып, мөлшермен үш жүз мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, сұранысқа қарай сол мөлшердегі мамандықтар пайда болатыны жөнінде болжам барын алға тартты. Жиында Премьер-Министр Сауда және интеграция министрлігіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және ірі интернет-дүкендермен бірлесе отырып кәсіпкерлерді, әсіресе жастарды онлайн-сауда жүргізудің тиімді жолдарына үйрететін арнайы бағдарлама дайындауды тапсырды. Сондай-ақ, жауапты министрліктерге енді жасақталып жатқан Ұлттық тауар өткізу жүйесін дамыту жөніндегі жоспарды үйлестіру, онлайн-саудада жаңа несиелендіру өнімдерін қарастыру жолдарын пысықтау жағын міндеттеді.


#электрондысауда #экономика #асқармамин #үкімет 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
01.08.2020
28.07.2020
28.07.2020
20.09.2019
09.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930