2020 жылдың 1 сәуірінен:
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 17 641 теңгеге (жыл басынан бастап - 16 839 теңге болған)
- ең төменгі зейнетақы мөлшері – 40 441 теңгеге (жыл басынан бастап – 38 636 теңге болған);
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 2778 теңгеге (2020 жылдың басынан бастап - 2651 теңге болған)
- Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 32 668 теңгеге (2020 жылдың басынан бастап-31 183 теңге болған) өсті.
Ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) – 42 500 теңге болып қалады.