ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп "Қазақстанда коронавирус инфекциясы тіркелді" деген сыңайдағы алып-қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырды.
Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясы өршіген елдерге бармауға кеңес берді.
"Сарыарқа" газ құбыры 2040 жылға қарай 2,7 млн тұрғыны бар 171 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз етеді. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған.
Иранның солтүстік-батысындағы Хой қаласында жер сілкінісі болды.
Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында еліміздегі алғашқы көшпелі дәріхана пункті жұмыс істейді. Ауыл тұрғындары онда арзандатылған бағамен дәрі-дәрмек ала алады.
Жапондық Diamond Princess лайнерінің бортында болған Қазақстанның 4 азаматы Нұр-Сұлтан қаласының №3 көпбейінді ауруханасының жанындағы инфекцияға қарсы корпусқа орналастырылды.
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Дәулет Нысанқұлұлы Бекманов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Елордада су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді.