USD 446.49
EUR 475.38
RUB 4.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Сарыарқа" газы 2,7 млн тұрғыны бар 171 елді мекенге тартылады

  • 24.ақпан.2020, 16:05,
  • 326

"Сарыарқа" газ құбыры 2040 жылға қарай 2,7 млн тұрғыны бар 171 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз етеді. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған.


Үкімет басшысының атап өтуінше, 2019 жылдың 27 желтоқсанында «Сарыарқа» магистралды газ құбырының 1-кезеңінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Газ құбырының желілік бөліктен басқа Астана-1, Астана-2, Қарағанды, Теміртау жән Жезқазған автоматтандырылған газ тарату стансасы бар. Мұнан бөлек, келешекте жергілікті атқарушы органдар тарапынан Жәйрем, Аршалы, Осакаров, Атасу, С.Сейфуллин, Шахтинск автоматтандырылған газ тарату стансасын салу көзделіп отыр.


"Сарыарқа" жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес, "Сарыарқа" магистралды газ құбырының бірінші кезеңінде 2040 жылға қарай 2,7 млн тұрғыны бар 171 елді мекенді газдандыру жоспарланған. Яғни, газ құбырының гидравликалық қуаты жеткілікті және қосымша параллель тармақ құрылысын қажет етпейді. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола мен Қарағанды облыстарында магистралды газ құбырына қосу үшін газ тарату желілері құрылысының 1-кезегі жоспарланған. Ол ведомстводан тыс сараптамадан толықтай өтіп, оң қорытынды алды. Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысында газ тарату желісінің құрылысы өткен жылдың күз айында басталды. Оларды қаржыландыру үшін 2019 жылы республикалық бюджеттен Нұр-Сұлтан қаласына 3 млрд, Қарағанды облысына 2,4 млрд теңге бөлінді. Аталған қаржы толықтай игерілді", - деді ол.


Премьер-Министрдің дерегінше, 2020-2022 жылдарға арналып бекітілген бюджетте Нұр-Сұлтан қаласына 8,6 млрд теңге, Қарағанды облысына 58,8 млрд теңге қарастырылған.



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
29.11.2019
30.10.2019
02.10.2019
23.08.2019
16.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930