USD 495.28
EUR 518.41
RUB 5.44
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жапониядағы лайнер: қазақстандықтар карантинге жатқызылды

  • 24.ақпан.2020, 13:30,
  • 393

Жапондық Diamond Princess лайнерінің бортында болған Қазақстанның 4 азаматы Нұр-Сұлтан қаласының №3 көпбейінді ауруханасының жанындағы инфекцияға қарсы корпусқа орналастырылды.

"23 ақпанда жапондық Diamond Princess лайнерінің бортында болған Қазақстан азаматтары отанына оралып, карантинге жатқызылды. Еске сала кетейік, Жапония жағалауындағы криуз лайнерінде әлемнің 50 елінің 3 700 азаматы оқшауланып қалған болатын", - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінен.


Комитеттен хабарланғандай, Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайға 23 ақпан күні "Токио-Нұр-Сұлтан рейсі" бойынша 20 жолаушы келген. Оның 16-сы – Қазақстан азаматы. Төртеуі - жапондық, Diamond Princess лайнерінің ішінде болған жолаушылар. "Келген азаматтардың бәрі де қаладан 7 шақырым жердегі Нұр-Сұлтан қаласының №3 көпбейінді ауруханасының жанындағы инфекцияға қарсы корпусқа жайғасты. Дәл осы ауруханада бұдан бұрын Уханьнан келген студенттер оқшауланған еді. Келген азаматтардан коронавирус инфекциясы бойынша анализ үшін сынама алынды. Бәрінің жағдайы қанағаттанарлық. Олар 14 күндік карантинде болады", - деп хабарлайды комитеттен.



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
21.02.2020
13.02.2020
03.02.2020
28.01.2020
25.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728