11 сәуір 2025, 18:40
USD 514.94
EUR 583.74
RUB 6.13
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ – министрлік

  • 24.ақпан.2020, 18:00,
  • 485

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп "Қазақстанда коронавирус инфекциясы тіркелді" деген сыңайдағы алып-қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырды.



"Кейінгі кезде әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерінде көптеген қауесет тарап жүр. Бір өңірде немесе қалада осындай науқас адамды ауруханаға жатқызыпты деген ақпарат көп. Ондай қауесетке сенбеңіздер. Бізде тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн Орталық жедел штаб қызмет етеді. Сол себепті үрей туғызбас үшін біздің баспасөз орталығына хабарласуға болады", - деді ол бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.


Осы ретте Диас Ахметшәріп шындыққа жанаспайтын ақпарат тарату – әкімшілік жауапкершілікке алып келетінін ескертті.


"Сондықтан біз Орталық жедел штаб арқылы барлық ресми ақпаратты таратып отырамыз. Науқас бізде жоқ (коронавирус жұқтырған). Бас дәрігердің қаулысы бойынша Қытайда 6-20 ақпан аралығында болған азаматтардың барлығы карантинге жатқызылады. Яғни, алдын алу шараларын күшейтіп отырмыз", - деді ол.



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.02.2020
13.02.2020
04.02.2020
01.02.2020
30.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930