Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 850 мың теңгеден берілуі мүмкін. Бұл туралы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтандағы жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету ережелері жобасында айтылған.
Bek Air әуекомпаниясы 6 ай ішінде барлық бұзушылықтарын жоймаса сертификатынан айрылмақ. Әуекомпанияны жоспардан тыс тексеру нәтижелері 27 ақпанға дейін жіберілетін болады.
Қазақстан дүнгендері қауымдастығының басшысы Хусей Дауров Қордайда болған оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады.
Алматыда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев азаматтық белсенділерімен кездесті. Онда бейбіт шерулерді өткізу және ұйымдастыру тәртібі жөніндегі ҚР заңын жетілдіру мәселесі қаралды.
Жапония жағалауында карантин жарияланған Diamond Princess круиз лайнерінде қалып қойған қазақстандықтар туралы мәлімет пайда болды, олар - екі әйел және 8 бен 12 жастағы екі бала.
Қытай полициясы жыртқыш аңдарды аулаған, сатқан және қорек еткен 700 адамды қамауға алды.
Қарағанды облысында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта "Охотзоопром" инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты сот отырысы өтті.
16 ақпанда Бас штаб басшысы - Қарулы күштер Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары Нұржан Мұқанов қайтыс болды.
Ақтауда әуежайға бара жатқан жолда жол апатынан бір адам қаза тапты, үш адам ауыр жарақат алды.
Павлодарда қоймада өлі табылған полицей Руслан Оспановтың қылмыстық ісі тоқтатылды.