USD 522.38
EUR 612.6
RUB 6.54
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Дүнгендер ұйымының басшысы: Мұны істеген қазақтар емес

  • 17.ақпан.2020, 16:00,
  • 492

Қазақстан дүнгендері қауымдастығының басшысы Хусей Дауров Қордайда болған оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады.

Ұйым жетекшісі Facebook парақшасында қазіргі ауданның суретін жариялап, көптен күткен қардың түскенін жазды. Алайда ұлпа қардың астында қайғылы оқиға іздерінің жатқанын еске салды. Сол уақытта 11 адам қаза болып, 200-ден астамы жарақат алды.

"Бұл халық кезінде Таяу Шығыс пен Кавказдан депортацияланған мыңдаған этносты бауырына басқан. Жоқ!!! Мұны істеген қазақтар емес! Мұны ксенофобия мен ұлтшылдық ұрандарына салынған қылмыскерлер мен қарақшылар, оңай олжаға көз алартқан тонаушылар, біздегі ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың қарсыластары жасады. Оларға түрлі-түсті төңкерістер технологиясымен шетелдің эмиссарлары басшылық етті. Ал қазақтар бізді құтқарды!", - деп жазды Дауров.

Оның жазуынша, Қордайдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қазақтар дүнген отбасыларына көмек беріп, қауіп-қатерден аман алып қалды.

"Қуаныш деген фермер өз үйінде дүнгендердің бірнеше отбасын жасырды. Айнұр, Азамат пен Соня деген дәрігерлер де тура солай істеп, балалары бар бірнеше отбасыны құтқарды. Егде жастағы бір әйел екі жігітті аман алып қалды да, өз үйінде шай берді. Ондай фактілер көп", - деп жазды Дауров.

скачать dle 12.0
Фото авторы : holanews.kz
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031