USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Bek Air алты ай ішінде бұзушылықтарын жоймаса сертификаты алынады

  • 17.ақпан.2020, 17:00,
  • 441

Bek Air әуекомпаниясы 6 ай ішінде барлық бұзушылықтарын жоймаса сертификатынан айрылмақ. Әуекомпанияны жоспардан тыс тексеру нәтижелері 27 ақпанға дейін жіберілетін болады.


"Bek Air қызметін жоспардан тыс тексеру нәтижелері 27 ақпанға дейін авиакомпанияға жіберіледі. Хат алғаннан кейін әуе компания 10 күн ішінде әкімшілікке барлық бұзушылықтарды жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуы тиіс. Егер бұзушылықтар 6 ай ішінде жойылмаса, пайдаланушы сертификаты мен ұшуға жарамдылық сертификаттары кері қайтарылып алынады", - делінген хабарламада.


Қазақстанның авиациялық әкімшілігі пайдаланушы сертификаты қолданысының тоқтатылуына "Фоккер-100" ұшағының апатқа ұшырауы себеп болғанын хабарлады. Бұл туралы 2019 жылғы 27 желтоқсанда ұшақ апатынан кейін "Bek Air" АҚ-қа жіберілген тікелей радиограммада да көрсетілген. Шешім "ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңға сәйкес қабылданған. Онда сертификат ұшу қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін заң талаптарын айтарлықтай бұзушылықтар анықталған жағдайда шектелетіні көрсетілген.


"Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" пайдаланушы сертификатының және ұшуға жарамдылығы сертификаттарының қолданысын тоқтатты. Бұл шешім әуе компаниясында кейінгі үш жыл ішінде екі ірі оқыс оқиғаның орын алғандығына негізделіп отыр. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында жиналған ұшу сағаттарының санына сүйене отырып, қауіпсіздікпен байланысты мәселелердің жиілігі – әуетасымалдаушы үшін қауіпсіздіктің рұқсат етілген деңгейінен едәуір жоғары болды", - деп мәлім етті комитеттен.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.02.2020
13.01.2020
11.01.2020
27.12.2019
23.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930