USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда онлайн митингілер өткізу ұсынылды

  • 17.ақпан.2020, 15:00,
  • 478

Алматыда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев азаматтық белсенділерімен кездесті. Онда бейбіт шерулерді өткізу және ұйымдастыру тәртібі жөніндегі ҚР заңын жетілдіру мәселесі қаралды.


Отырыста қоғам белсенділері Қазақстанда бейбіт митингілерді онлайн жүргізуге ұсыныс білдірді.


"Өздеріңіз білесіздер, бізде әлеуметтік желілер үлкен рөл атқарады. Сондықтан, осы заңда (ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы) әлеуметтік желілер тенденциясының жүзеге асқанын қалаймын. Мұнда онлайн-митингілер, онлайн-сауалнамалар өткізуге болады. Сөйтіп, кез келген адам онлайн-митингілер арқылы өз пікірлерін білдіре алады", - деді Болат Жұматаев.


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бұл ұсыныстың назарға алынатынын айтты.


"Бұл керемет идея. Біз сіздің ұсынысыңызды мұқият зерттейміз. Мұнда шынымен логика бар. Мұны қарастыруға болады. Бірақ ғаламтордағы митингілер, сауалнамалар "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында өткізіледі. Егер бәрі онлайн режимінде болса, онда неге болмасқа", - деді Дәурен Абаев.



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.12.2019
03.10.2019
29.08.2019
02.07.2019
12.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930