Тергеу органдары полиция қызметкерінің өзіне-өзі қол жұмсауына әлдекімдердің себеп болғанына дәлел таппады.
"Суицид дерегімен тіркелген қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 35-бабы, 1-бөлігі және 2-бөлігі тәртібінде қылмыстық істі қысқарту туралы іс жүргізу шешімі қабылданды ("әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты"). Басқа ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына, 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды", - деп түсініктеме берді ресми сауалға берілген жауабында Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары Дархан Құрақбаев.
Бұған дейін қылмыстық іс "өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу" бабы бойынша тергеліп жатқаны хабарланған. Бастапқыда сотқа дейінгі және қызметтік тергеумен өңірлік ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы айналысты. Алайда, қаза тапқан адамның туыстары әлеуметтік желілерде болған оқиғаға полиция департаменті басшыларының бірінің қатысы бар деген күдіктіні айтқан соң, қылмыстық іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды.
Кейін полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Мұратжан Шәкіров қызметінен айырылған. Ол тергеу уақытына шеттетілген.