Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов келесі жекпе-жегін 2020 жылы сәуірде Нью-Йоркте өткізуі мүмкін.
Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты іс жабылған жоқ. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров мәлімдеді.
Қызылорда қаласында газ баллоны жарылуы салдарынан орын алған өртке байланысты оқиғаның себептері анықталды.
Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы елордадағы жарнама баннерлерін тексеріп шықты.
Ақпараттық-коммуникациялық жүйелердің дамуымен интернет-ресурстар арқылы есірткі мен күшті әсер ететін заттарды сату және насихаттау фактілері көбейді. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламенті Сенатының жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды.
Таразда оқушы зорлығынан кейін жауаптыларды жұмыстан шеттету әлі жалғасып жатыр. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары айтты.
"Джокер" фильмінің режиссері Тодд Филлипс Warner Bros. Pictures Group басшысы продюсер Тоби Эммерихпен кездескен. Ол режиссерге "Джокер" сиквелін түсірілімін бастауға рұқсат берген.
87 миллион теңгемен шетелге қашып кеткен банк қызметкері Ресейде ұсталды.
Гонконгта наразылық шарасы кезінде қазақстандық 1-курс студенті Абилькаир Нукпи ұсталды.