"Кешегі оқиғадан кейін облыстық Білім басқармасының басшысы біріншіден педагог, екіншіден өзінің моральдық тұрғыда жауапкершілігін сезіне отырып, өз еркімен өтініш берді. Өтініші қанағаттандырылды. Бірақ оның осы облыстағы басқару саласында тәжірибесі ескеріледі. Алдағы уақытта жұмыссыз қалмайды. Бұл енді басқа басшыларға сабақ болады деп ойлаймын", - деді облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова.
Облыс әкімінің орынбасары қалалық білім бөлімінің басшысы да қызметінен кететінін айтып қалды. Бірақ, ол қазір денсаулығына байланысты жұмыста болмағандықтан қызметінен шеттету жағы кейінге қалып отыр. Оқу ордасындағы оқыс жағдайдан бас-аяғы 11 адам қызметінен қуылды.