Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменттің арнайы бақылау топтары жыл басынан бері есірткі тарататын 5000-нан астам веб-сайт анықтап, бұғаттаған.
"19 қарашада әлеуметтік желілерде осындай сайтқа бағыттайтын QR коды бар баннерлер бірнеше қаланың көшелеріне орнатылғаны туралы ақпарат негізінде тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 8 баннер анықталып, алынып тасталды. Олар жарнама компаниясының тапсырысымен орнатылған", - делінген баспасөз хабарламасында.