"Өздеріңіз де білетіндей, 26 қазанда Мәнізоровқа қатысты қылмысты іс Бас прокуратура тарапынан тоқтатылған болатын. Бас прокуратураның бұл шешіміне орай біз Бас прокурордың орынбасарына шағым түсірген едік. Алайда, Бас прокуратура бұл шағымды қанағаттандырудан бас тартты. Жауабын жақында ғана алдық. Бұл істі тыңғылықты алып қарайтын болсақ, Мәнізоровқа қатысты қылмыстық іс еліміздің екі азаматының арызы бойынша қозғалды. Онда Манзоровтың жемқорлық қылмыс жасағаны нақты көрсетілген", - деді ол.
Оның айтуынша, Бас прокуратура Мәнізоровқа қатысты қылмыстық істі тоқтатқаннан кейін, агенттікке арыз жазған екі азаматты жалған мәліметтер бергені үшін жауапкершілікке тарту қажет.
Аға тергеушінің сөзіне қарағанда, Бас прокурор да агенттік шағымын қанағаттандырмаған жағдайда Мәнізоровтың үстінен арыз жазған екі азаматты жауапкершілікке тарту мәселесі қолға алынбақ.